Екі жыл бұрын ауруының салдарынан көзі көрмей қалған альпинист мамандар әлемнің ең қауіпті құздарының бірі деп санайтын El Capitan тауының тік қабырғаларын еңсере алды. Альпинизм бойынша бұрынғы нұсқаушы 35 жастағы Стив Батэ 910 метрге көтерілу үшін алты күн жұмсаған.
Спортшы El Capitan-ды бағындырған алғашқы ресми тіркелген соқыр адам болды.