«Бұл таңғалдыратын оқиға! Мен осы рекордты бірнеше жылдан бері орнатқым келген, енді, міне, қолымнан келді», - деп бөлісті Ньюман. Бұл британдықтың бірінші жетістігі емес екенін айтып кету керек. Өзінің бірінші рекордын ол 2008 жылы орнатқан. Онда Jaguar XKR көлігімен сағатына 232,8 шақырымға дейін жылдамдықты арттырды. Үш жылдан кейін BMW M5-пен сағатына 286,4 шақырым дейін, өткен жылы Porsche 911 GT2-мен 299,3 шақырымға дейін жеткізді. Енді, міне, жаңа жеңіс. Автоспортқа келгенше британдық коммерциялық банкте мансабын жасады. Автоспортқа ол мүмкіндігі шектелген адамдардың қызығушылығын арттыру мақсатымен келген, деп жазады шетелдік БАҚ.