Соқырларға қалай көруге болатындығын үйрететін тәсіл табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соқыр адамдарды есту қабілеті арқылы көруге үйретуге болады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл жайында израильдік ғалымдар Curent Biology ғылыми журналында жарық көрген мақалаларында баяндаған.

Белгілі болғандай, аталмыш зерттеушілердің бейнені дыбысқа айналдыратын бағдарлама әзірлей алады. Бұл механизмді дельфиндер мен жарқанаттардағы эхолокациямен салыстыруға болады.

Аталған бағдарламаны пайдаланған соқыр адамдар оқу мен бой үйретудің белгілі бір кезеңінен кейін адамдардың сұлбасын көре алатын болады, деп хабарлайды day.az.