«29 мамырда 20.48-де өрт сөндіру қызметіне Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан 14 қабаттты «Номад» тұрғын үй кешенінің 8-9 қабаттары деңгейінде сыртқы қаптамасының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Елордалық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау 21.20-да ауыздықталды. 21.40 та жалын толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге 17 адам мен 6 техника тартылды. Сондай-ақ жоғары қабаттарда пайдаланылатын арнайы техника қолданылды. Пәтерлер зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлады Руслан Иманқұлов.