деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес дүйсенбіге дейін мектепке жылу беру үшін жылыту трассасының 9 мың метр құбыры жылу өткізбейтін материалдармен қымталды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен қаңтар айының 12-сі күні Солнечный кентінде қатты борап соққан желдің салдарынан электр жеткізуші желілер үзіліп, ол жылыту трассасының қатуына алып келген болатын. 4 түзету мекемесі мен көпқабатты 8 үйдің мыңнан астам тұрғыны бірнеше күн жылусыз отырды.
Айта кетейік, бұған дейін үш түзету мекемесінің жылыту жүйесі қалпына келтірілген болатын. Жөндеу-қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүргізілуде.