Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметi хабарлайды, деп жазады РБК.
Зілзала ошағы 54,5 шақырым тереңдікте орналасты. Құрбандар мен қирандылар туралы әзірге ақпарат жоқ, цунами болатыны жөнінде хабарланбаған.
Соломон аралы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Жер сілкінісі мұнда жиі болып тұрады. 2010 жылдың қаңтарында бұл жерде қуатты жер сілкінісі тіркелді. Ол кезде жерасты дүмпуінің тербелісі 7,2 баллды құраған болатын.