«Әлемде, оның ішінде азиялық өңірде де көптеген қауіп-қатер сақталуда. Әсіресе, Солтүстік Африкадан Ауғанстанға дейін «тұрақсыздық доғасының» қалыптасуы ерекше алаңдатарлық», - деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар ол бұл ретте 2014 жылы Ауған елінен шетелдік әскерлердің кететіндігіне, бірақ шетелдік базаның сол мемлекетте қалатындығына алаңдаушылық танытты.
«Бұл жерде анық болуы керек. Егерде лаңкестікке қарсы миссия орындалатын болса, онда база Ауғанстанмен байланысты емес тапсырмамен байланысты қалатын болғандығы ма?», - деді С.Лавров.
Оның пайымынша, ең басты мақсат - көрші елдерге, әлемге лаңкестік пен есірткі қаупін тудырмайтын бейбіт әрі ауқатты Ауғанстан мемлекетін қалыпастыру.