«Солтүстік Бозашы» кенішінде жарылыс болды

АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы «Солтүстік Бозашы» кенішінде жұма күні төтенше оқиға болды. Сағат 12.10-да жөндеу жұмыстары (бітеуіштерді ауыстыру) кезінде жарылыс болып, 2 резервуар өртенді,

деп  хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жарылыс салдарынан  «Мұнай Сервис  Компаниясы»  ЖШС-нің  40 жастағы   монтаждаушысы   оқиға  орнында  көз жұмды.   Өрт  сағат   13.20-да  сөндірілді.