Солтүстік Еуропада күшті дауыл тұрып, 130 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Ұлыбритания, Дания, Польша және Германияда болған дауыл жүз мыңнан астам үйді жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сағатына 135 шақырымға жететін екпінді дауыл Эдинбургтен солтүстікке қарай 200 шақырымдай жерде орналасқан Шотландияның Абердин қаласына жақын жерге айтарлықтай шығын келтірді. 130 мыңнан астам отбасы мен кәсіпорындар электр жарығынсыз қалды.

Электр желілері құлаған ағаштардан бүлінгендіктен, жарықты сөндіру бір күннен астам уақытқа созылды.

Пойыз қозғалысы да бұзылып, бірнеше жол жабылды. Жергілікті полиция тұрғындарға үйде болуға кеңес берді.

«Малик» дауылы Нидерландының солтүстігі мен шығысын көп шығынға ұшыратты. Көп жағдайда үйлер бүлініп, жолда қиындықтар туындады.

Дания да дауылдың салдарымен күресуде. Копенгаген аймағында барлық пойыз тоқтатылды. Дания мен Швецияны байланыстыратын көпір сақтық шарасы ретінде жабылды.



Арнұр Рахымбеков