«Біз беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі уақытта елімізде «De Montfort Leicester» университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Халықаралық үлгідегі диплом беріледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Arizona» университетіне сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қарастырылуда. Қазіргі уақытта «Arizona» университетімен бірге меморандум жасадық», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол еліміздің батыс өңірлерінде екі шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын еске салды.
«Сондай-ақ, техникалық бағыттар бойынша Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша келіссөздерді бастап, жүргізіп жатырмыз және арнайы үкіметарлық келісім дайындадық», - деді министр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің кешегі жалпы отырысында осындай тапсырме берген болатын.