28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
28 сәуірде Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетед, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.
Сол күні күндіз Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, тіпті 23 м/с жетеді. Кей уақытта найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал.