АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті облыстық наркологиялық орталықтың басшысы Б.Ибраевты ұстады.
Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, Б.Ибраевтың «Сардар Қызылжар» ЖШС-нің құрылтайшысынан күзет қызметін көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысында оң шешім шығарып беру үшін 150 мың теңге пара алғандығы анықталып отыр.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.