Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық құрылымдары егіс науқанын ойдағыдай аяқтады

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Еліміздің ірі астықты өңірі – Солтүстік Қазақстан облысы егіс науқанын ойдағыдай аяқтады.

СҚО аграрлық құрылымдары 4 миллион 150 мың гектар алқапқа өз мерзімінде астық дақылдарын екті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстан облысында 3 млн. 900 мың гектар алқапқа астық және 212 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілді.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Серік Тәшеновтың айтуынша, биылғы жылы картоп және көкөніс алқаптары ұлғайтылған. Облыс әкімі Серік Біләловтың үндеуінен кейін бұл іске жалпы білім беретін мекемелер де жан-жақты атсалысты.