Солтүстік Қазақстан облысында 170 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі
Биылғы желтоқсан айында пайдалануға берілетін баспана көлемі туралы құрылыс басқармасының жетекшісі Серік Мұхамедиев айтып берді. Облыс бойынша 170 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2016 жылғы құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі 105% болған.
«10 айдағы құрылыс жұмыстарының көлемі 95,7% немесе 44,9 млрд теңге, күрделі жөндеу - 6,6 млрд. теңге, ағымдағы жөндеу - 6,5 млрд. теңгені құрады», - деді С.Мұхамедиев.
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов нысандардың құрылыс барысын және өз уақытында пайдалануға беруді қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, жиналыста мемлекеттік мекемелердегі атқарушылық тәртіп мәселесі қаралды.
Бұл туралы облыс әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет хабарлады.