Биылғы желтоқсан айында пайдалануға берілетін баспана көлемі туралы құрылыс басқармасының жетекшісі Серік Мұхамедиев айтып берді. Облыс бойынша 170 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2016 жылғы құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі 105% болған.
«10 айдағы құрылыс жұмыстарының көлемі 95,7% немесе 44,9 млрд теңге, күрделі жөндеу - 6,6 млрд. теңге, ағымдағы жөндеу - 6,5 млрд. теңгені құрады», - деді С.Мұхамедиев.
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов нысандардың құрылыс барысын және өз уақытында пайдалануға беруді қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, жиналыста мемлекеттік мекемелердегі атқарушылық тәртіп мәселесі қаралды.
Бұл туралы облыс әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет хабарлады.
13:02, 05 Желтоқсан 2016
Солтүстік Қазақстан облысында 170 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдіктегі аппараттық жиналыста баспана құрылысының қарқыны мен жыл соңына дейін берілуі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.