«Оның ішіндегі 40 адам босатылса, 116 сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Тізім жасалды. Үлкен емес және орта қиындықтағы қылмыс жасаған сотталушылар босатылады», - деп айтты СҚО ҚАЖД арнайы тіркеу тобының бас маманы Сауле Мустафина.
Сонымен қатар, рақымшылыққа тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал топтары: мүгедектер, кәмелетке толмағандар, зейнет жасындағы сотталушылар мен кәмелетке толмаған балалары бар заң бұзушылар сәйкес келеді.