«Өңірдегі маңызды мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Мойындау керек, соңғы бірнеше жылда жағдай айтарлықтай нашарлады. Соның ішінде Петропавлдың жолы да бар. Біздің өңірдегі автомобиль жолдарының желісі 9 мың шақырым екенін және елімізде ұзындығы бойынша екінші орынды иеленетінін ескеру қажет. Жолдардың жай-күйі мәселесін бірден шешу мүмкін емес», - деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің айтуынша, жолдарды салу және жөндеу бағытында бірқатар шара қабылданып жатыр.
«Биыл Петропавлдағы жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге бұрынғыға қарағанда 12 есе көп қаражат бөлінді. Кем дегенде 25 көшені жөндейміз. Жалпы, облыс бойынша жыл соңына дейін 705 км жол жөнделеді. Оның ішінде 110 км республикалық маңызы бар, 480 км жергілікті және 47 ауылда 115 км кентішілік жолдарды ретке келтіреміз. Осы мақсатқа 40 млрд теңге бөлінді», - дейді облысы басшысы.