Солтүстік Қазақстан облысында анасы мен қызын өлтіріп кетті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 39 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызын қылмыскер пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметініңмәліметінше, қайғылы жағдай Мәмлүт ауданының орталығында болған.

«Үйдің ауласындағы қорадан 39 жастағы әйел мен3 жасар қызының пышақталған денелері табылды. Қылмысқа күдікті ретінде қазатапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды», - деді полиция өкілі.

Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгітергеу амалдары басталып кетті. Күдікті сол ауданның тұрғыны, бұған дейінсотталғаны анықталды. Ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынақамалды.


Соңғы жаңалықтар