Солтүстік Қазақстан облысында балықшы жоғалып кетті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі күннен бері 62 жастағы ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адам 6 тамыз күні балық аулауға кетіп,Қызылжар ауданының Соколовка ауылының маңында жүргенде, одан хабар үзілген. ТЖДбасшысының орынбасары Ерік Сарыбаев 7 тамыз күні іздеу салынғанын жеткізді. Балықшыныіздеуге 30-дан астам құтқарушы, полицей, ерікті жұмылдырылған.

«Әзірге нәтиже жоқ. Авиация техникасын тартумәселесі шешіліп жатыр. Атпен де іздейміз», - деді Ерік Сарыбаев.

Айта кетейік, құтқарушылар осы ауданда, Есілжағасындағы демалыс орындарының бірінен 7 тамыз күні 25 жастағы жігіттііздеген. Куәгерлердің айтуынша, ол абайсызда суға құлап, батып кеткен. Түс ауақұтқарушылар жігіттің денесін тапты.

Е. Сарыбаевтың айтуынша, бұдан басқа тағыбірнеше адамға іздеу жарияланған.

«Көктемде Қызылжар ауданының Иванов ауылындаер адам суға кетті деген хабар келді. Бірақ ол әлі табылған жоқ. Оны Есілөзенінің жағасынан тағы да іздейміз. Ғ. Мүсірепов ауданында екі адам өзенжағасына барып, ішімдік ішкен. Бірі үйіне қайтып, екіншісі хабар-ошарсызкеткен. Ол да табылған жоқ», - дейді Е. Сарыбаев.

Оның айтуынша, биыл шомылуға барған 6 адамсуға батып кеткен. Соның үшеуі – жас бала. Бұдан бөлек, суға батқан 24 адам,соның ішінде 16 бала құтқарылған.

Құтқарушылар спиртті ішімдік ішіп суғатүспеуге, су айдындарын пайдалану ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, өңірде шомылу маусымы әліаяқталған жоқ. Синоптиктер алдағы демалыс күндері 30 градусқа дейін күн ысидыдеп болжап отыр.

Авторы Олеся Жуковень