СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көрудің 50 метрге дейін шектеліп, көлік жүргізушілері үшін қауіпті жағдайдың тууына байланысты 10 наурыздан бастап бірқатар республикалық маңызы бар автожол жабылған. Олар:
Р-58 «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 68-194 км (Возвышенкадан Қиялыға дейін);
Р-60 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-33 км (Волошинкадан Кривошековоға дейін);
Р-61 «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» 0-32 км (Тимирязеводан Қостанай облысының шекарасына дейін);
М-36 «Екатеринбург-Алматы» (729-768 км, Тоқсан би ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
11 наурыз сағат 00.00-ден бастап боранның күшеюіне байланысты А-16 «Жезқазған - Петропавл» республикалық автожолының 595-781 шақырымы (Ақмола облысынан Сергеевка қаласына дейін) және облыстық маңызы бар 37 жол учаскесі жабылды.
Осыған байланысты құтқарушылар елді мекендерден алысқа ұзап шықпауға кеңес береді.