Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше күн аптап ыстық болады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына жақын күндері ауа райы температурасының көтерілетіні туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 5 және 8 шілде аралығында өңірдегі ауа температурасы 27-32 градусқа, кей жерлерде 35 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты, өрт қаупі жоғарылауы мүмкін. Ормандарда отқа орануы жиілеуі ықтимал.

«Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты өміріне қауіп төндірмеу үшін сәйкес шараларды қолға алуға және төтенше жағдайларды ескертуге кеңес береді», делінген Солтүстік Қазақстан халқына 112 операторынан тараған хабарламада.