деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
«2002 жылы туған кәмелет жасқа жетпеген бала Тайынша-Приречное стансысының 139 шақырымындағы теміржол желісіне шпал қойып кеткен. Осыған байланысты нөмірі 3003 жүк пойызы шұғыл түрде тежегішті басты», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.
Осының арқасында пойыз апаттан аман қалды.
Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, баланың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. СҚО Тайынша аудандық сотының үкімімен әкімшілік айыппұл ретінде оған 20 АЕК (30240 теңге) көлемінде айып салынды.