2014 жылы қарашада талап қоюшы мен жауапкер арасында 2014 жылдың 29 желтоқсанына дейін қарызды қайтару міндеттемесімен 17 725 000 теңге сомасына заем келісімшарты жасалған. Алайда, бүгінге дейін қарыз қайтарылмаған.
Сот талқылауы барысында талап қоюшы мен жауапкер сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынған. Келісімнің шарты бойынша жауапкер талап қоюшыға келесі тәртіпте 17 725 000 теңге көлемінде заем сомасын: 7 000 000 теңгені 2016 жылдың 25 желтоқсан мерзіміне дейін, 5 000 000 теңгені 2017 жылдың 25 мамыр мерзіміне дейін, 5 725 000 теңгені 2017 жылдың 1 қазан мерзіміне дейін төлеуге міндеттеледі.
Талап қоюшыға бюджеттен 177 250 теңге көлемінде өзі төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді және іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енді.