Солтүстік Қазақстан облысында егіс даласына 800-ден астам өнімділігі жоғары егін егу кешендері шығады

None
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысы экономиканың аграрлық секторында машина-трактор паркін жаңартуда республикамызда алдыңғы орынды иеленіп отыр.
Алдағы егін егу науқанында Солтүстік Қазақстанның егіс далаларына 800-ден астам өнімділігі жоғары егін егу кешендері шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысында экономиканың аграрлық секторын түбегейлі техникалық жарақтандыру жүзеге асырылды. Аграрлық сектор алдына ресурстарды үнемдеуден барынша қайтарым алу міндеті қойылып отыр. Жаңа технологияларды енгізу үшін әкелінген алдыңғы қатарлы батыстық фирмалардың ? «Джон Дир», «Кейс», «Клаас», «Нью Холланд», «Борго», «Моррис» және т.б. негізінен лизингке сатып алынған өндірістік техникалары пайдаланылуда. Тек 2008 жылда ғана лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізіп беру бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестицияларының көлемі 5,7 млрд. теңгені құрады.Алдағы егіс науқанында Солтүстік Қазақстанның егіс далаларында 800-ден астам өнімділігі жоғары егін егу кешендері жұмыс істейтін болады және жоспар бойынша олар 2,3 млн. гектар жерге тұқым себеді, ол жаздық егістің 60 пайызға жуығын құрайды.Сонымен қатар, машина-трактор паркіне сапалы қызмет көрсетуге де айрықша көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта 18 дилерлік және сервистік орталықтар жұмыс істейді, олардың үштен бірі өткен жылы ұйымдастырылды.