деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Жалын 1,5 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 7 адамы жұмылдырылды. Күйік шалған 54 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысының Якорь ауылында кеше таңертең ерте жекеменшік үй аумағындағы уақытша баспана өртенді. Тілсіз жау 4,5 сағаттан кейін ғана ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан Ооблысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. 32 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды.