Бұл туралы ақпарат кезекші бөлімге сағат 17:56-да түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Қызыл жалынмен күресуге 30-ға жуық адаммен 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Сағат 20:15-те өрт толық сөндірілді.
Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрт пештен шыққан.