Солтүстік Қазақстан облысында Назарбаев орталығының интерактивті көрмесі таныстырылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Назарбаев орталығы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - Назарбаевтың қазақстандық жолы» интерактивті көрмесін ұсынды, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Онда «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы» және «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы». Президент қызметінің жылнамасы» интерактивті стендтері; Назарбаев орталығы Баспа Үйі кітаптарының аудио нұсқалары мен Елбасы туралы 3D фильмдерінің мультимедиялық бұрышы; Назарбаев орталығы қызметін көрсететін touch-үстел; «Елбасының өмірбаяны - елдің ғұмырнамасы» 3D панорамасы қамтылған.

Назарбаев орталығы баспа үйі кітаптарды баспалық және интернетке қосылатын және AppStore, Play Market пен Marketplace электронды қосымшалары бар заманауи мобильді құралдардың барлығына тегін жүктеп алуға қолжетімді электронды форматта ұсынатынын айта кеткен орынды.

Назарбаев орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруді Н.Ә. Назарбаевтың қызметінің жылнамасын көруге, Мемлекет басшысының Жолдауын көрнекті түрде танысуға мүмкіндік беретін заманауи интерактивті әдістерді қолдану арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттап түсіндіру жұмыстарын бұдан әрі Павлодар облысында жалғастырады.

Көрменің ашылуын 600-ден астам адам тамашалады. Оның негізгі дені студенттер мен мектеп оқушылары болды. Шығармашыл жастар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан сұрақ-жауап түріндегі «Мәңгілік ел» байқауына қатысты. Кездесу тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен Мемлекет басшысының қызметі жайлы деректі фильмдер тамашалаумен қорытындыланды.

«Бүгінгі іс-шара, замануи әдістерді пайдалана отырып барлық қатысушыларға көрнекілік құралдар арқылы Елбасының Жолдауымен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының күнделікті қызметімен танысуға мүмкіндік береді», - шара барысында сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов.