Бір күннің ішінде орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғатты қорғау прокуратурасының мамандары мен студенттер Виноградовский орманшылығы аумағында 3 мың түп қылқанжапырақты ағаштар отырғызды.
Іс-шараның басты мақсаты - өңірдегі орман алаңын арттырып, оның азаюына жол бермеу. Заңға сәйкес, орман қолданушы бір гектар орманды кескені үшін, екі гектар ағаш отырғызуы керек. Орман қорында жердің болмауына байланысты ағаш отырғызудың орнына төлем алынады. Мамандардың айтуынша, соның нәтижесінде соңғы бес жылда облыста 581 гектар орман егілген, бұл 986 футбол алаңына сәйкес келеді.
«Бұған жол бермес үшін барлық құзыретті органдардың басын қосып, ғылымды тарттық, осы жағдайды шешу үшін топтар жинадық. Ағаш отырғызу үшін 200 гектар жерді анықтадық. Геоботаникалық тексеріс жүргізіп, соның көмегімен қай жерге отырғызу керектігін және қай жерде көгермейтінін анықтадық», - деп түсіндірді мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жаслан Смағұлов.
«Соколовское» орман шаруашылығының инженері Наталья Евсюкованың ақпаратына сүйенсек, барлығы 71 гектар ағаш отырғызылған.
«2017 жылы күзде «Соколовское орман шаруашылығы» ҚММ 50 гектар алаңда ағаштардың табиғи қалпына келтірілуіне жағдай жасау жоспарланып отыр. Соңғы 5 жылда орман жамылғысының алаңы 130 гектарға өскен», - деп атап өтті Наталья Евсюкова.