Солтүстік Қазақстан облысында өртте төрт бала мерт болды

None
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл кентінде жеке үйден шыққан өрт кезінде төрт бала қаза болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарады.

Оқиға сенбі күні, 3 желтоқсанда 14.00-де болды және өрт екі сағаттан кейін сөндірілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт аумағы 58 шаршыметрді шарпыды. Оқиға орнынан жас туған сәбидің, бір жастағы баланың, 3 жасар ұл мен 7 жасар қыздың денесі табылды.