Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушылар жылу және энергиямен қамтамасыз ету кәсіпорындарына 300 миллион теңгеден астам ақша қарыз
Сонымен атар тұтынушылардың дебиторлық қарызы 300 миллион теңгеден асып жығылады.
Қазіргі күні Петропавлағы қысқа дайындықтың тиісті жұмыстары жүргізілген мектептер, балалар бақшалары, денсаулық сақтау мекемелері, шаруашылық субьектілері жылумен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, энергетиктер мен жылумен қамтамасыз етушілерді заңды және жеке тұлғалардың оларға қарызы алаңдатып отыр.
Қазіргі уақытта жалпы қарыз 300 миллон теңгеден асып отыр, оның ішінде 160 млн. - электр қуаты үшін, ал 148 миллион теңге - жылу үшін. Бюджеттік ұйымдардың жалпы қарызы - 24,4 млн. теңге, ал 9 миллионы - «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» МБ еншісінде. Өндіріс кәсіпорындарының қарызы - 52 миллион теңге.
Тұрғындар 197 млн. теңге қарыз, оның 103 миллионы жылу энергиясын тұтынғаны үшін.
Тамыз айында «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС бюджеттік ұйымдарға 5,9 млн. теңгеге 17 талап жіберді. Сонымен қатар, облыс орталығындағы ПИК-ке қосылмаған тұрғын үйлерден қарызды өтеп алу аса қиындық туғызып отырған көрінеді.