Солтүстік Қазақстан облысында жазғы спартакиадалар маусымы басталды
08:19, 17 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жазғы спартакиадалар маусымы басталды.
Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда, Неженка ауылындағы стадионда «Ақбидай 2010» аудандық жазғы спартакиаданың ашылуы болады.
Ұйымдастырушылар осындай іс-шараның басты мақсаты волейбол, баскетбол, футбол, ауыр атлетика және үстел теннисі сияқты спорттың жазғы түрлерін танымал ету деп есептейді.
Спартакиаданың ашылуы Қазақстан Азаматтық альянсының «Бірлігіміз жарасқан» ақпараттық әлеуметтік науқаны аясында өтетін болады.