Кездесу барысында аймақ басшысы БАҚ-тың экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жүзеге асырудағы жоғары рөлін атап өтті. «Бұқаралық ақпарат құралдарының елімізде және әлемде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды жеткізудің бірден-бір жедел әрі жан-жақты арналарының бірі. Біздің еліміздің болашағын қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан», - деді С.Біләлов.
БАҚ өкілдерінің қызметкерлерінің еңбегінің арқасында мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асып отыр деген аймақ басшысы, сөз соңында барлық қатысушыларды төл мерекелерімен құттықтап, журналистер қауымына арналған сыйлықтарын табыс етті.