Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аймақтық департаментінен хабарлады.
Мәжіліске қатысқан департамент бастығының орынбасары Бибігүл Мансұрованың хабарлауынша, негізгі мәселелердің қатарында аймақтың қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі проблема көтерілді. Атап айтқанда, жүйе қызметкерлерін олар қатты мұқтаж болып отырған баспанамен қамтамасыз ету, сондай-ақ алыс орналасқан түзеу мекемесінің кадрлық құрамын нығайту мәселелерін шешу туралы сөз болды.
Осыған орай С.Біләлов түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне облыс орталығынан 6 ведомстволық пәтер бөлу туралы мәселені шешуді және жер-жерлерде кадрларды нығайту мақсатында Есіл ауданының Горный кентінде тұратын қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің отбасыларына арнап жайлы жатақхана салу туралы мәселені қарастыруды тапсырды.
Әлеуметтік проблемалардың шешілуі саланың алдына қойылған міндеттердің орындалуына және жүйенің беделін нығайтуға сөзсіз оң әсерін тигізеді, дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аймақтық департаменті басшысының орынбасары Бибігүл Мансұрова.