Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

None
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше, маусымның 24-і күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының аумағында «Air Flamingo» әуе компаниясының Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан командир мен ұшқыш қаза тапты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ұшақ маусымның 24-і күні жергілікті уақытпен сағат 17.30-да , «Көкшетау» мемлекеттік коммуналдық табиғат саябағына құлаған.

Оқиға орнынан экипаж командирі мен ұшқыштың күйген денелері табылған. Тағы бір экипаж мүшесі, техникалық қызметкер аман қалған, және бейресми деректер бойынша ол Айырту аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.