Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау, Жамбыл, Мәмлүт және Шал ақын аудандарында таңғы сағат 10-нан бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Өңірде ауа райы тағы да бұзылды: жел қатты соғып, бұрқасын, жауын-шашын жауып жатыр, жол көрінбейді.
112 қызметі ескерту жіберді. Синоптиктердің болжауынша, таяу күндері өңірде ауа температурасы 0 – плюс 1-2 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Автор:
Олеся Жуковень