11:15, 03 Сәуір 2009
Солтүстік Қазақстан облысының жаңа прокуроры тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлда облыстық прокуратура қызметкерлерінің кеңесі өтіп, онда облыстың жаңа прокуроры - үшінші санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі Асқар Дүйсекенов таныстырылды. А.Дүйсекенов бұған дейін Маңғыстау облысының прокуроры болған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. А. Дүйсекенов прокуратура органдарында 27 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Кеңес жұмысына қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов табысты және жоғары кәсіби жұмысы үшін облыстың бұрынғы прокуроры Хамит Бекешовқа алғыс айтып, Асқар Дүйсекеновке жаңа қызметінде жетістіктер тіледі.