Солтүстік Қазақстанда 2 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғауға алынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Protecting Business and Investments» кеңсесінің базасында Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті мен «Северный строитель» ЖШС және «Радуга» ЖШС арасында келісімге қол қойылды. Аталған компаниялар өңір экономикасын 34,5 млрд теңгеден астам қаражат салады.

Келісімдерге қол қоя отыра департамент басшының м.а. Елена Степаненко департаменттің, инвесторлардың және мемлекеттік органдардың арасындағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Келісімге қол қойылғаннан кейін «Protecting Business and Investments» кеңсесінің платформасын пайдалану арқылы инвесторлар мүдделі мәселелерді СҚО бойынша шетелдік инвесторларды тартуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған Өңірлік кеңестің мүшелері болып табылатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына тікелей сұрақ қойды.