Солтүстік Қазақстанда 23 жастағы құрылысшының қаза табу себептерін анықтап жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да жас жігіттің құрылыс алаңында қаза табу себептері анықталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жас жігіттің құлаған орнының жан түршігерлік фотосуреттері Петропавлдың әлеуметтік желілеріне тарап кетті. Қолданушылар төтенше жағдайдың тұрғын үй кешені құрылыстарының бірінше болғанын жазуда.

СҚО ТЖД 23 жастағы құрылысшының қаза тапқанын растады.

«Қайғылы жағдай сенбі күні 11:00-де болды. 1992 жылы туған тас қалаушы 14 қабаттан құлап кетті», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Арнайы тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Қазір инспектор құрылыс алаңында жүр. Он күн бойы тексеру жүргіземіз. Заңнаманың қандай нормалары бұзылғанын анықтаймыз. Мерт болған құрылысшының тіреуішті тазалап жүріп құлап кеткені белгілі», - деді басқарма басшысының орынбасары, мемлекеттік еңбек инспекторы Арман Жәлелов.