Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам адам көші-қон заңнамасын бұзды
03:14, 19 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін үш тәулік ішінде 343 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО ІІД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ел аумағынан 23 адам шығарылды. 138 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімдері қысқартылды. Шетелдіктерді қарсы алған 61 солтүстікқазақстандық олардың елде болу талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Заңға сәйкес, олар шетелдіктер тарапынан болатын бұзушылықтарға ол бермеуі тиіс. Өңірдің 12 тұрғыны шетелдіктердің еңбегін заңсыз қолданған. Жамбыл ауданының Пресновка ауылында 50 жастағы әйел 68 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Полиция қызметкерлері анықтағандай, оның құрылыс учаскесінде еш құжаттарсыз Өзбекстан азаматы жұмыс істеп жатқан. Облыстың өзге тұрғындары шетелдіктерді келісімшарт жасаспай, жуып-тазалаушы, күзетші, қара жұмысшы ретінде еңбекке жұмылдырған.