Солтүстік Қазақстанда 4 бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда 4 бала қасқыр жидек жеп уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 16 шілде күні Уәлихановауданындағы көпбалалы отбасында болған. Келесі күні үш бала санавиациямен Петропавлдағыоблыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Осы отбасының 5 жасар баласы қайтысболды. Бүлдіршін ұйықтаған күйі оянбай қойған. Кейін анықталғандай, балалардыңанасы ештеңеден сезіктенбеген. Оның өзінің де жүрегі айнып, лоқсыған.Бірақ қалыпты жағдайға балап, мән бермеген.

«11 және 8 жасар жеткіншектер мен 8 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды. Балалар жақындабелгісіз бір жидекті жегендерін айтты. Келіп түскен кезде үшеуінің де жүрегіайнып, лоқсыды, іші өтті. Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Ем-домдезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Келесі күні балалар тәуірленіп,нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауруханадан шықты»,- дейді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері ЕкатеринаЖивнодей.

Қасқыр жидек – аса улы өсімдіктердіңбірі. Оның бес жидегін жегеннің өзінде өмірге қауіп туындайды.

Соңғы жаңалықтар