«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, 19 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады.
Кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, боран соғады.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына - 15-20, тіпті 23 метрге дейін жетеді.
Петропавл қаласында да боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.