Департаменттен атап өткендей, ең төменгі күнкөріс деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға, ал 2016 жылдың желтоқсан айына қарағанда 2 пайызға өскен.
«Оның құрылымында азық-түлікке - 12 071 теңге, басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге 8 048 теңге жұмсалатыны көрсетілген. Соның ішінде, ет пен балық сатып алуға кеткен шығындар 21%, май мен жұмыртқаға - 16,4%, жеміс-жидектер мен көкөністерге - 10,3%, ұн мен астық өнімдеріне - 9,4%, қант, шәй мен дәмдеуіштерге 2,9% пайызды құрады», - делінген хабарламада.
0-ден 13 жасқа дейінгі балалардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 168 теңгені, 14-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - 25 415 (ұлдарға) және 19 472 (қыздарға) теңгені, 18 жастан асқан жұмысқа қабілетті тұрғындарға - 23 959 (ерлер) және 19 023 (әйелдер) теңгені, зейнеткерлер мен қарт кісілерге - 18 813 теңгені құрайды.