ҚазАқпарат тілшісіне облыстық білім басқармасынан хабарлағанындай, осыған байланысты, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін облыста 76 мектеп жанындағы интернат ашылып, оларда балалардың оқуына және тұруына, сондай-ақ олардың көлікпен тасымалдануына барлық жағдай жасалып отыр.
Сондай-ақ, оқушылар контингентінің болмауына байланысты жаңа оқу жылының басында 13 бастауыш мектеп жабылды, 18 негізгі мектеп - бастауыш мектеп, ал 7 орта мектеп - негізгі мектеп болып қайта құрылды. Облыстағы мектептердің саны 12 бірлікке қысқарды.
Мектептің кепілдендірілген нормативіне сай келмейтін 99 мекеменің 38-інде жағдай реттеліп, қалыпқа келтірілді. 2009-2010 оқу жылының басындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 78 мыңнан астам оқушы білім алып жатқан 622 мектеп жұмыс істеуде, оның ішінде 357-сі - орта мектеп, 136-сы - негізгі мектеп, 131-і - бастауыш мектеп. Мектептер желісін нормативтерге сәйкестендіру жұмыстары одан әрі жалғасады.