Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жексенбі күні Айыртау ауданының Имантау көліне 30 жастағы ер адам батып кеткен. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
«Дәл осы күні Қызылжар ауданының «Қарға аралы» демалыс орнының маңайында 39 жастағы ер адам Есіл өзеніне шомылып жүріп қаза тапты. Оның мәйітін жедел құтқару жасағының қызметкерлері жағаға алып шыққан», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Жыл басынан бері облыстың су қоймаларына 4 адам батып кеткен.
Құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтап, тек шомылуға арналған жерлерде суға түсуге шақырады. Сондай-ақ, мас күйде шомылмай, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.