ІІД, аудандық ІІБ, ТЖ, әкімдіктің қызметкерлері кешеден бері 20 жастағы Береке ауылының тұрғынын іздеп жатыр.
«Бейсенбі күні мұғалім 12:30-да мектептен шығып кетіп, үйіне бармаған. Оның жолда адасып жүріп ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Кейін, боран салдарынан жол көрінбей, белгісіз бағытқа кеткен», - деп пікір білдірді баспасөз қызметіндегілер.
Бейсенбі күні Береке ауылында қатты жел бұрқасын соққаны соншалық, үйлер көрінбеген. Сондай-ақ, жас жігіт жергілікті тұрғын болмай шықты.
Аудандық ІІБ бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр.