Солтүстік Қазақстанда браконьерлік жасаған аңшы ұсталды

None
АСТАНА.  Қыркүйектің  8-і.  ҚазАқпарат -  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл  аудандық  ішкі істер  басқармасының   табиғатты  қорғау полициясының  қызметкерлері  сібір    қарақұйрығын    заңсыз  аулаған    Есіл ауданы  Лузинка ауылының тұрғынын  ұстады,  

деп   хабарлады  Ішкі істер министрлігінің  ақпарат  және қоғамдық байланыстар  орталығынан.

Аңшыдан   екі  қарақұйрықтың  еті,    калибрі  7,62 мм    7695  патрон,   4    аңшылық қаруы  тәркіленген,     мылтықтың  үшеуі   ішкі істер  органында тіркелмеген болып шықты.

 Заңсыз  аңшылықтан  келген    шығынның сомасы 254 600 теңгені құрады.   Аталған  факті  бойынша    ҚР Қылмыстық кодексінің  288-ші бабы («Заңсыз  аң аулау»)  бойынша  қылмыстық іс  қозғалды.