Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын алу шарасын өткізді. Нәтижесінде радиостанция жеткізіліміне сатып алу туралы қол қойылған келісімшарт шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Мемлекетке келген залалдың сомасы 110 млн теңгеден асады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөліміне сәйкес іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.