«Алдын ала дерек бойынша, Merсedes автокөлігінің жүргізушісі рөлді игере алмай, қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен. Бұл факті ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне енгізілді», - деді Аққайың аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы Қуаныш Жұмағұлов.
Екі жүргізуші мен жолаушылардың бірі аудандық ауруханаға жеткізілген.
20:23, 24 Қараша 2017
Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. СҚО ІІД баспасөз қызметі «Астана-Петропавл» тасжолының 437 шақырымында, Аққайың ауданында Merсedes және «MAN» жүк көліктерінің соқтығысу фактісін растады.