Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовтың айтуынша, бүгін өңірде ҚХА өкілдерінің қатысуымен көптеген іс-шаралар өтіп жатыр.
«Этностар форумын Алғыс айту күнімен ашып отырмыз. Оған Солтүстік Қазақстан облысында тұратын түрлі этностардың өкілдері қатысуда. Бұл форум елдегі әрбір жанға бейбітшілік пен келісім үшін алғыс айту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біз қиын-қыстау уақытта 800 мың немісті, 102 мың полякті, 18,5 мың кәрісті, 500-ден астам Солтүстік Кавказ этностарының өкілдерін қабылдағаны үшін қазақ халқына рахмет айтамыз», - деді Н. Салимов.
Аталмыш шара өңірде үшінші жыл қатарынан өтуде. Биыл концерттік бағдарламадан бөлек, науқас балаларды қолдау мақсатында «Қайырымды ел» науқаны ұйымдастырылған.