Солтүстік Қазақстанда кәсіпорын қызметкерлеріне үш жыл жалақы төлемеген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Аққайың аудандық соты жұмыс берушілерден жұмыскерлер пайдасына 3,5 млн теңге өндіріп берді, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аққайың аудандық сотына «Смирновское» ЖШС-ға жалақы бойынша қарызды өндіріп алу туралы талапарызбен Трудовое ауылының үш тұрғыны жүгінді. Сот ЖШС соңғы үш жылда қызметкерлеріне жалақы төлемегенін анықтады. Қарыз 3,5 млн теңгеге жеткен», - деді баспасөз қызметінен.

Сот ЖШС қызметкерлерінің талабын толықтай қанағаттандырып, төленбеген еңбекақыны олардың пайдасына өндіріп берді.